«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Барақпай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баракпай отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шынықсаң - шымыр боласың!

16.01.2017

Шынықсаң – шымыр боласың!

        «Денсаулық — зор байлық», «Дені саудың – жаны сау»- дейді қазақ. Адам шынықса - дені сау болады. Осыған орай, мектебімізде барынша күш – жігерімізді салып, мектеп болып,  оқушыларға жағдай туғызып, жан-жақты қамтамасыздандыруға тырысып бағудамыз. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық жағдайларға байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салыстырғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан Республикасында емдеу практикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем

көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Денсаулык дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі.  Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды, Олар:
1. Физикалық денсаулық — ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз екен.
2. Соматикалық денсаулық — Ол адам ағзасы мен органдарыныдң арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді екен.
3. Психикалық денсаулық — ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау. «Адам өмірінің сипаттамасын көрсетеі. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді екен.

      Сайып келгенде,  осы түрлердің барлығын қамти отыруға, яғни,  өз денсаулығымыздың өзіміздің қолымызда екенін ұмытпағанымыз жөн! «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, денсаулығымызды жақсартудың, сақтаудың  бірден бір жолы ол – шынығу! Жоғарыда айтылғандай денсаулықтың  дәлелі ретінде біздің мектеп те денсаулықты жұмыла қолға алғаны хақ!



Просмотров: 469


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст